• KZ
  • RU
  • Негізгі бет
  • Барлығы
  • Балалар
  • Ересектер
  • Зейнеткерлер
  • Отбасылар
  • Кәсіпқойлар
  • Ақпарат
  • БЕЛСЕНДІ БОЛУ
  • Главная →
  • Ақпарат

Әлеуметтік желілерге тәуелділіктен құтылудың қарапайым үш жолы

       Қазіргі уақытта көптеген адамдарда әлеуметтік желілерге деген тәуелділік пайда болды. Қолданбаларды (қосымшалар) күніне бірнеше рет ашып айналдырып шықпаса біртүрлі бір қажетті жаңалықтар мен мүмкіндіктерді жіберіп алатындай көрінеді.

Подробнее... Добавить комментарий

Милық салдануы (церебральный паралич) бар балаларға арналған жаттығулар кешені

        Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді.

Подробнее... Добавить комментарий

Созылу жаттығулары

        Көп отыру салдарынан және жас келе  біз иілгіштік қасиетімізді жоғалтамыз.

Подробнее... Добавить комментарий

Кето диета

         «Кето диетаның» авторы Джозеф Меркола. Кето диета – бұл тамақтануда көмірсулардан толықтай дерлік бас тарту болып табылады.

Подробнее... Добавить комментарий

Жүктілік кезіндегі дене белсенділігі

        Жүкті келіншектерге көп күш түсірмеу керек деген түсінік қалыптасқан. Ал зерттеулерге сәйкес, дене белсенділігі жүктіліктің ерте үзілу, нәресте салмағының нормадан аз болу, мезгілінен бұрын туу қаупін арттырмайды, керісінше ана мен болашақ нәрестенің денсаулығына оң әсерін тигізеді. Тек ережелер сақталынып, шамадан күш түсірілмесе болғаны.

Подробнее... Добавить комментарий

АРЫҚТАУ ҮШІН КАЛОРИЯЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТІМІ

        Азық-түлік калориялығы (құнарлығы) – салмақтың өзгеруіндегі негізгі фактор. Дұрыс үйлестірілген қуатты (энергияны) ала отырып, біз ағзаның алға қойған мақсаты – бұлшықеттерді өсіруді, май қыртыстарын азайтуды, денсаулыққа зиянсыз және салдарсыз тезірек арықтауды жүзеге асыру үшін зат алмасуға жағдай жасаймыз.

Подробнее... Добавить комментарий

Ұйқының алдында адамның ағзасына пайдалы және пайдасыз тағамдар

        Біздің сергектігіміз ұйқы сапасына байланысты болады, яғни біздің денеміз түнде қалай демалса, күндіз солай қызмет атқарады.


Дұрыс ұйқы мен ұйықтар алдындағы тамақтану туралы бір-екі ауыз сөз...

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Абу Али Хусейн Ибн Сина

Дұрыс ұйқы - бұл әдемі көңіл-күйдің, әл-ауқаттың әрі сіздің сұлулығыңыздың кепілі. Сондықтан «ұйықтар алдында тамақ ішпеу керек» деген қағиданы іске асырған абзал.

Алайда  ұйықтар алдында жүрек жалғап алғысы келіп тұрған адам еріксіз тамақтанып алуы ғажап емес. Өкінішке орай, көпшілік ұйықтар алдында, ағзаға зиян тағамдарды жегісі келеді.

Қатты өнделген тағамдар (колбаса, гамбургер, қытырлақ картоп, пицца) асқазанға ауырлық түсіреді және ұйықтауыңызға кедергі келтіреді. Сондықтан өзіңді жақсы сезінбеуің әбден мүмкін, бұл дегеніміз өз денсаулығыңа немқұрайлы қарау деген сөз. Түңгі уақытта қарыныңыздың ашуы, күні бойы жеткілікті тамақтанбағаныңызды білдіруі мүмкін.

Кешкі астың негізгі ережелері. Ұйқыға дейін бірнеше сағат бұрын тамақтануға тырысыңыз, бұл ағзаға ас қорытуға уақыт береді. Пайдалы және оңай қорытылатын тағамдарды таңдаған дұрыс.

Егер осы ережелер сақталса, артық салмақ пен ұйқысыздықтың орнына, денені қажетті дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ету арқылы сымбатты денеге ие бола аласыз.

Осы жерде даналардың келесі ұлағатты сөздерін келтірген жөн деп санаймын:

«Саулық тілесең - көп жеме» - Әлішер Науаи

«Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же - Саиф Сарин

Ертеде айтылған «Ауру - астан», «Дәрінің ең жақсысы - аз тамақ», «Қарын дерттің үйі», «Қомағайлық - зұлымдық» деген дана сөздер бекер айтылмаған шығар.

Егер түнге таман қарыныңыз ашса, тамақтанып алыңыз және оны саналы түрде жасаңыз, бірақ алдымен ашыққан сезіміңіздің рас екендігіне көз жеткізіңіз.

Ал экран алдында тамақтану бұл ағзадан (мидан) келетін табиғи қанығу сигналдарын басып, жеп отырған тамағыңыздан толықтай ләззат алу қабілетіңізді төмендетеді және артық тамақ жеуге әкеледі.

 

Сонымен, ұйықтар алдында шын қарыныңыз ашса, ұйқыға кері әсерін тигізбейтін тағамдарды таңдаңыз.

Кейбір тағамдар жақсы ұйықтауға көмектеседі, ал басқалары, керісінше, ұйқысыздықты тудырады. Жақсы ұйықтау үшін қандай тағамдар жеген абзал?

Ұйықтар алдында жеуге болатын тағамдар:

1. Банан - біріншіден, банан басқа жемістерге қарағанда тәбетті жақсы басады. Жоғары калориялы болғанына қарамастан сэндвичке қарағанда банан жеген дұрысырақ. Екіншіден, бананның құрамында бұлшықеттердің тез қалпына келуіне ықпал ететін магний мен калий бар. Үшіншіден, банан серотонин мен меланинді тұрақтандырып, мидың толық демалуына көмектеседі.

2. Сұлы ботқасы - бұл таңертең ғана емес кешке де тұтынуға өте пайдалы және ұйқыға да жағымды ықпал ететін тағамдардың бірі болып табылады. Оның құрамында жүйке жүйесіне оң әсер ететін микроэлементтер бар. Ботқаға банан қоссаңыз, пайдасы одан да күштірек болады.

3. Жұмыртқа - егер түнде қарыныңыз ашып ұйықтай алмасаңыз, кешке пісірілген жұмыртқа жеуді әдет қылыңыз. Жұмыртқада ақуыз көп, сондықтан түнде асүйге жүгірудің қажеті болмайды.

4. Бадам - құрамындағы магнийдің арқасында бадам тез ұйықтауға көмектеседі, сонымен қатар өзіңізді тоқ сезіндіреді. Бадамның құрамында пайдалы майлар да бар.

5. Тунец - түні бойы жақсы ұйықтауға және артық калориядан арылуға көмектесетін құрамында ақуызы көп тағамның бірі. Оны тұтас дәнді нан және жас қиярмен бірге жеңіз.

Тағамдармен қатар, кейбір сусындар да ұйқыға өте жақсы әсер етеді. Ең пайдалысы - шөп шайлары. Егер ұйқысыздық маза бермесе, әр кеш сайын түймедақ шайын немесе орегано шайын ішіңіз. Жалбыз қосылған жасыл шай да көмектеседі.

Ұйықтар алдында жеуге боламайтын тағамдар:

1. Майлы сүт өнімдері - бала кезімізде бізге жатар алдында айран немесе жылы сүт ішуді үйреткен. Бал қосылған жылы сүт шынымен де жайландыратын әсерге ие, бірақ мұндай "ұйықтайтын дәрі" барлық ересектерге жарай бермейді. Олар нашар қорытылады және асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін. Егер жеңіл сүт өнімін жегіңіз келсе, майсыз табиғи йогурт жеңіз. Ал, майлы ірімшікті кейінге қалдырған жөн.

2. Ащы және қуырылған тағамдар. Ащы тағам ас қорытуды жылдамдатып, ұйқыны бұзады және асқазан, ішек жолдары проблемаларын туындатады. Қуырылған тағам құнарлы және асқазанға ауыр болып келеді.

3. Қарбыз және қауын - түні бойы дәретханаға жүгіргіңіз келмесе, қарбыз бен қауынды таңертеңге қалдырыңыз.

4. Ішімдіктер - тез ұйықтауға көмектеседі. Бірақ ұйқының күшті және тыныш болуы екіталай. Оның үстіне таңертең мастық салдары қосылады және ағзаны сусыздандырады.

5. Кофеин. Кешкі кофе сізді бірнеше сағат бойы ұйқыдан айыруы мүмкін. Сондай-ақ, кешке энергетикалық сусындар ішпеңіз.

 

"Кешке тамақ ішсең, сергіп ал"  деген жақсы сөз бар. Сондықтан кешке астан кейін жарты сағат серуендеп қайтсаңыз түнгі ұйқыңыз жақсы, әрі жайлы болатынына күмәніміз жоқ!

Подробнее... Добавить комментарий

Күніне қанша су ішу керек?

         Біздің ағзамыз 60 пайыз судан тұрады.

Подробнее... Добавить комментарий

Кофені қай уақытта ішкен дұрыс?

         Осының алдында біз сіздерге әлемдегі ең танымалы, әрі сүйікті сусынның бірі кофе туралы және оның пайдасы жайлы айтып кеткенбіз.

Подробнее... Добавить комментарий

Дене белсенділігін арттыруға көмектесетін кардио жаттығудың 9 түрі

        Адамдардың көпшілігі жүрек-қан тамырлары жұмысын жақсартатын жаттығулар (кардио жаттығулар) туралы ойлағанда, ең алдымен ойға жүгіру, велосипед тебу немесе жүзу келеді.

Подробнее... Добавить комментарий

БЦСА кезінде ата-аналарға кеңестер

       Целебралды сал ауруы орталық жүйке жүйесінің бұзылу немесе мидың зақымдануы салдарынан болып, адамның қозғалу, тепе-теңдік пен арқаны тік ұстау қабілетіне әсер етеді.

Подробнее... Добавить комментарий

АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ҮШ НЕГІЗІ

         Жоғары дәрежелі спортшы болу үшін «сиқырлы» дәрі-дәрмек немесе биологиялық белсенді қоспалар жоқ. Мақсат жолындағы табанды күрес, қайсар мінез, қажырлы еңбек және темірдей тәртіп күшті спортшы болуға жол ашады!

Подробнее... Добавить комментарий

Страница 3 из 6

  • В начало
  • Назад
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • Вперёд
  • В конец
FaLang translation system by Faboba
«Комплексный план по развитию
физической культуры и массового спорта
в Республике Казахстан на 2020-2025 годы»
Министерство культуры и спорта Республики Казахстан
Навигация
Для всех Дети Взрослые Пенсионеры Семьи Профи Карта Контакты
Наши контакты
Адрес: г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 45 А
Email: info@belsendiel.kz
Сайт разработан компанией ABC DESIGN