Физическая активность для всех

        Қазіргі уақытта көптеген адамдарда әлеуметтік желілерге деген тәуелділік пайда болды. Қолданбаларды (қосымшалар) күніне бірнеше рет ашып айналдырып шықпаса біртүрлі бір қажетті жаңалықтар мен мүмкіндіктерді жіберіп алатындай көрінеді.

Карантин де бұған септігін тигізді, өйткені бос уақыт тым көп болып кетті. Сөйтіп әлеуметтік желіде бостан бос отырып уақыттың қалай өткенін білмей жүрген адамдар күннен күнге көбейіп барады.

Таңертеңнен кешке дейін қолданбаларды айналдыру психикалық денсаулық пен көздің көру қабілетіне өте жағымсыз әсер етеді. Адамдар ойлау қасиетінен мүлдем айырылып бара жатыр. Осы кезде Генри Фордтың айтқан бір сөзі еске түседі. Ол былай деген екен: «Әлемдегі ең қиын жұмыс, ол – ойлау. Сондықтан да онымен аз ғана адамдар айналысады».

Көптеген адамдар кітап, журнал, газет оқудан қалды. Сонымен бірге елестету қабілетінен айырылып барады.

Адамдардың әлеуметтік желілердегі әрекетін бақыласаңыз олар әр мақала немесе ақпаратқа шамамен 10-20 секунд әрі кетсе қырық секунд тоқталады, оның өзі түстері ашық суреттер мен фотолар болса немесе тақырып атауы ерекше болып жатса ғана.  

Сөйтіп халықтың жасы мен кәрісінде де осындай бір жаман әдет қалыптасып келеді. Өз денсаулығы мен қоғамға пайдасы тиетін жұмыстар атқару орнына алтын уақытты біреудің не айтқаны, жегені, ішкені мен қайда болғанына жұмсалады.

Әлеуметтік желілер мүлде керек емес деп айтуға болмайды, керек әрине, бірақ оған жұмсалатын уақыт мөлшері шектеулі болу керек.

Енді сол әлеуметтік желілерге деген тәуелділікті азайтуға көмектесетін кеңестерге тоқталайық.

 

1. Әлеуметтік желілерді қол жетімді емес ету

 Әр кезде ауа райын, поштаға келген хатты қарау немесе тыңдап отырған әнді (әуенді) басқаға ауыстыру керек болып сіз телефоныңызды қолға алған кезде қолданбаға көзіңіз түседі. Сол сәтте қызығушылық туындап ашып қарайын деген ой келеді және сіз қарайсыз. Сондықтан қолданбаларды (Инстаграм, Фейсбук) өз телефоныңыздан өшіріп тастау керек немесе алғашқы бетке қоймай алысырақ бір папканың ішіне салып қойыңыз. Өйткені сіздің ақылды әрі мазасыз құрылғыңыз ылғи да жаныңызда немесе қол жетімді жерде. Ал телефоныңыздағы әлеуметтік желілердің қолданбалары сіздің ашып қарауыңызды жеңілдетеді.

 

2. Пайдалануды жоспарлау

Қолданбаларды телефоннан алып тастағаннан кейін, оларды компьютерге орнатыңыз. Содан кейін сіз қолданбаларды қарап, тексеріп шығу үшін күніне бір сағат бөліңіз.

Әрине әлеуметтік медиа сайттардың өзіндік құндылығы бар, ол жерде сіз достарыңызбен байланыста боласыз, жаңа жұмыс мүмкіндіктері туралы білесіз және т.б. ақпараттар аласыз.

Бұл деген қолданбаларды өз өміріңізден мүлдем аластат деген емес, пайдалануды қатаң түрде шектеу қажет деген сөз.

 

3. Талғампаз болу

Енді телефоныңызда қол жетімді оңай басып аша салатын қолданбалар болмағандықтан, бос уақытыңызды білімге (кітап, журнал мен газеттердегі жақсы жазылған мақалалар, білім мен ғылымға арналған сайттар) жұмсаңыз. Қазақта жақсы бір нақыл сөз бар «Ақша жұмсаған сайын азая береді, ал білім жұмсаған көбейе береді» деген. Сонымен қатар өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығына пайдасы тиетін дене белсенділігімен айналысыңыз.

Инстаграмм, Фейсбук беттерінде (парақшаларында) жарияланатын көптеген белгісіз ақпарат көздерінен алынған сенсациялық жаңалықтар туралы білудің орнына, сенімді жаңалықтар сайттарын қараған дұрыс.

 

Сөз соңында...

Әлеуметтік желілермен мазасыздық, депрессия, жалғыздық, мүмкіндікті жіберіп алу қорқынышы арасында нақты байланыс бар.

Бір қызығы, телефонды пайдалану триггерлері (себептері) әмбебап болып көрінеді. Демек, сіздің жасыңызға қарамастан, сіз өзіңіздің телефоныңызды іш пысқанда (зеріккенде), қолайсыздықта, шыдамсыздық пен қорқынышқа қарсы тұру ретінде қолданасыз.

Біздің қолданбаларды «айналдыру» кезінде қалыптастырған мыңдаған бейсаналы пікірлеріміз бен қабылдаған шешімдеріміз, өзімізді және шынайы қоршаған әлемді (ортаны) күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Олар біздің денсаулығымызға байланысты қабылдаған шешімдерімізге әсер етуі мүмкін.

        Қолданбалардағы уақытты шектеу өзіңізді жеңіл, әрі тыныштау сезінуге әкеледі және біліктілігіңіз бен біліміңізді арттыруға қажет уақытты көбейтеді.

    поделиться
Добавить комментарий

Похожие статьи

После сытного приёма пищи всем нам так хочется отдохнуть и полежать. Но мы недооцениваем пользу прогулки на свежем воздухе после еды. При этом не только повышается настроение, но и улучшается здоровье. Для получения более подробной информации рекомен...

Сердце - важный орган в организме человека, выполняющий основную работу. Поэтому необходимо обратить особое внимание на его здоровье. Чтобы сердце вас не беспокоило, прислушайтесь к следующим советам: ...

          Всем известно, что физические упражнения важны для поддержания общего состояния здоровья, контроля веса и самочувствия в любом возрасте. ...

Заниматься спортом теперь стало легче!
При помощи нашей базы данных, вы сможете быстро найти удобное место - от парков до игровых площадок, для физической активности и спорта.