Барлығына арналған дене белсенділігі

Жалпы ақпараттың 80-90% адамдар көз арқылы алады. Қазіргі уақытта көздің нашар көруі ересектермен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында да белең алуда.

Көз жанарының өзгеруі тым жақын, не тым алыс тұрған заттарға ұзақ уақыт қарау салдарынан болады.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында көз көруінің нашарлауын алдын алу – өзекті мәселе. Сондай ақ, балалардың 4-5% оқу басталмай тұрып-ақ көзі дұрыс көрмей, көзілдірік тағуға тура келеді. Ал оқу процессі кезінде көзге күш көптеп түсетіні анық. 

Қауіп факторлары:

  • монитор мен гаджеттердің алдында ұзақ уақыт отыру;
  • көру мүшесіне шамадан тыс күш түсіру (сабақтың көп түрлері);
  • күн тәртібін сақтамау (белсенді жаттығу мен демалысқа уақыт бөлмеу);
  • қимылды қажет ететін ойындарды ойнамау, таза ауада аз уақыт серуендеу;
  • күннің көзін жасанды жарықпен ауыстыру (әсіресе қысқы мезгілде);
  • нашар жарық (жарықтың, не қараңғының тым артық болуы);
  • денені дұрыс ұстамау (миды қоректендіретін тамырлар тарылады, бұл өз кезегінде көрудің нашарлауына әкеліп соғады);
  • дұрыс тамақтанбау (тағамдарда қажет дәрумендер мен минералдар болу керек);
  • күйзеліс;
  • тұқым қуалаушылық.

Көру қабілеті нашарлауының алдын алу

Көру қабілетінің нашарлауынан сақтану үшін, бірнеше ережелерді ұстанған жөн:

  1. Көзге көп күш түсірмеу, оқу процессі барысында (оқу, жазу) көзді  30-40 минут сайын 15 минуттан тынықтырып отыру қажет.
  2. Компьютер алдында отыру уақытын азайту.
  3. Теледидарды ұзақ қарауды таза ауада серуендеуге ауыстыру.
  4. Баланың ұйқысы тыныш, әрі 8-10 сағат болуы қажет.
  5. Көз гигиенасын сақтау.
  6. Баланың жұмыс істейтін орнын жарықпен дұрыс қамтамасыз ету. Жарық үстелдің сол жағынан түсу керек (оңқай үшін).
  7. Көзге қажет дәрумендер және минералдармен байытылған тағамдармен тамақтану (сәбіз, көкжидек, апельсин, сары болгар бұрышы, жаңғақтар, сүт және қышқыл сүт өнімдері, шпинат, салат жапырақтары, асқабақ, балық және жұмыртқа);
  8. Денені тік ұстау;
  9. Көз бен кітап немесе мониторға дейінгі қашықтық кем дегенде 30-40 см болуы, ал теледидардан 2-5 метрге дейін алшақ отыру қажет.

          

          

          

          

 

 

 

    поделиться
Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Ұқсас мақалалар

Осы сюжетте дәрігер-реабилитолог және кинезиолог жарақат кезіндегі дене белсенділігінің ролі жөнінде айтады. Сонымен қатар уақалау дегеніміз не және қандай жағдайларда оны жасауға болатындығы жайлы білесіздер. Дайындаған: Әсел Рахметова...

       Уақытты дұрыс пайдалану, отбасын дене белсенділігіне тарту, денсаулықты жақсарту, үлкен жетістіктерге жету құпиясын білгіңіз келсе, үш баланың анасы дене шынықтыруға уақыт тауып келетін Әсия Дәулетханмен өткізілген сұхбатты назарларыңызға ұсын...

Кейбір адамдар денсаулығына байланысты белгілі бір тағамнан бас тартуға немесе диета сақтауға мәжбүр болуы мүмкін, ал басқа адамдарға өздерін жақсы сезіну үшін диетаны ұстанудың қажеті жоқ.   ...

Қазіргі уақытта спортпен шұғылдану - оңай!
Біздің дерекқор арқылы дене белсенділігі немесе спортпен айналысу үшін, саябақтардан бастап ойын алаңдарына дейін түрлі қолайлы орын таба аласыз.